Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті білім беру ұйымдарының асханалары мен санитарлық тораптарындағы жайлылықты арттыру мақсатында сәуір айынан бастап «#Балаға ЛАЙК» республикалық акциясы басталғанын хабарлайды.
Жалпы, науқанды іске асыру алгоритмі What’s App және Telegram мессенджерлері арқылы жүзеге асырылады.